Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Рахымжан Исақұлов Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі зауыттарды аралады

Рахымжан Исақұлов Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі зауыттарды аралады

May 19, 2026 15:03

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұловтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары өнеркәсіпті дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Сапар барысында ол өңір тұрғындарымен, кәсіпкерлермен және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті.

Ашық диалог кезінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өнеркәсіп саласының келешегі және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды. Кездесуге қатысушылар өндірісті дамыту мен бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына қатысты ұсыныстар мен өзекті мәселелерді көтерді.

Вице-министр халықпен және кәсіпкерлер қауымдастығымен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, түскен барлық өтініштер қаралатынын айтты. Бірқатар мәселелер бойынша қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Рахымжан Исақұлов өңірдегі ірі кәсіпорындарды – Петропавл ауыр машина жасау зауытын, С.М. Киров атындағы зауытты, TRIBO және AVAGRO кәсіпорындарын аралады.

Өндірістік алаңдарда вице-министр жүзеге асырылып жатқан жобалармен, технологиялық үдерістермен және кәсіпорындардың алдағы даму жоспарларымен танысты. Сапар барысында өндірісті жаңғырту, отандық өнім үлесін арттыру және Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Сапар қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді одан әрі пысықтау және мемлекеттік органдар, өнеркәсіп кәсіпорындары мен өңір тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Shares