Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сән-салтанат пен қарапайымдықтың арасы: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлердің өмір салты туралы пікір білдірді

Сән-салтанат пен қарапайымдықтың арасы: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлердің өмір салты туралы пікір білдірді

January 8, 2026 12:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында бірқатар ірі кәсіпкерлердің сән-салтанатты өмір салтына қатысты қойылған сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бизнес – кез келген ел экономикасының негізгі тірегі. Сондай-ақ осы жолда жеке меншік институтының қол сұғылмастығы туралы түсінік қалыптасқан ұзақ жолдан өткенімізді атап өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Мемлекеттік билік жүйесінде жоғары лауазымды қызметтерді атқара жүріп, сөзбен де іспен де ұлттық буржуазияның заңды мүдделерін сөзбен де, іспен де қорғауға тырыстым. Себебі экономиканы өркендету және мемлекеттің қоғамдық негіздерін нығайту ісінде кәсіпкерлер елеулі рөл атқаратынын жақсы түсінемін. Мен Швейцарияда жұмыс істеген кезімде аса ірі әрі белгілі кәсіпкерлермен кездесулер өткіздім. Сол кезде олардың жеке қаражатын үнемді жұмсауы және көпшіліктің арасынан ерекшеленбеуге ұмтылысы мені қатты таңғалдырды. Миллиардтаған қаржысы бар адамдар қонақүйлердің қарапайым бір бөлмесінде тұруға намыстанбайды.Жеке ұшақпен ұшпақ түгілі бірінші санаттағы орындарға да отырмайды. Бірақ бұл-ғасырлар бойы қалыптасқан дағды», – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге тән өмір салты кейде қоғам тарапынан қабылдамаушылық тудыратынын да атап өтті.

«Мұндай жағдай көптеген елде бар. Сол үшін де қайырымдылық қызметі жүмыс істейді.Бұл қоғам мен бизнес арасындағы өзара келісім іспеттес », – деп түйіндеді ҚР Президенті.

Shares