Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысының бес жазушысы Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай облыс әкімінің сыйлығына ие болды

Солтүстік Қазақстан облысының бес жазушысы Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай облыс әкімінің сыйлығына ие болды

March 17, 2026 10:23

Наурызнама мерекелік циклінің үшінші күні — мәдениет пен ұлттық дәстүрлерге арналды. Бұл күн шығармашылық қауым үшін маңызды оқиғамен ерекшеленді. Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасының қабырғасында көркем сөз арқылы қоғамның тарихы мен құндылықтарын сақтап жүрген қаламгерлерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Мерекелік іс-шараға белгілі ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналды. Кітапхана фойесінде «Туған жер — талант пен шабыттың бесігі» атты ауқымды көрме ұйымдастырылып, қонақтар жергілікті авторлардың жаңа еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Салтанатты жиын музыкалық қойылымдармен әрленіп, ерекше ұлттық реңкке бөленді.

Кездесудің шарықтау шегі марапаттау рәсімі болды. Өңір мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін әдеби қауымдастықтың 5 өкілі облыс әкімінің арнайы сыйлығына ие болды. Әр лауреатқа 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификатты Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов табыстады.

«Әдебиет — халық өмірінің рухани көрінісі. Көркем шығармалар арқылы қоғамның мәдениеті, тарихы және адамгершілік құндылықтары сақталады», — деп атап өтті ол.

Марапатталғандар тізімі:
Зарқын Тайшыбай
Жақсыбай Самрат
Нұргүл Оқашева
Сағындық Рақымжан
Ирина Матвеева

Shares