Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дағы Шал ақын ауданында заңсыз бау-бақшаға берілген жайылым жерлер ауыл тұрғындарына қайтарылды

СҚО-дағы Шал ақын ауданында заңсыз бау-бақшаға берілген жайылым жерлер ауыл тұрғындарына қайтарылды

May 18, 2026 11:32

Солтүстік Қазақстан облысында заң талаптарын бұза отырып берілген 105 гектар жер мемлекет жер қорына қайтарылды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заңбұзушылықты ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің СҚО жер ресурстарын басқару департаментінің мамандары жоспардан тыс тексеру барысында анықтаған.

Әңгіме Шал ақын ауданындағы жер телімі туралы болып отыр. Тексеру барысында бұл аумақ елді мекен шекарасында орналасқаны және бау-бақша өсіру үшін берілгені анықталды. Алайда жер ауыл тұрғындарының мал жаюына арналған ортақ жайылым есебінен бөлінген.

Қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес, мұндай жерлерді жеке меншікке де, уақытша жер пайдалануға да беруге болмайды. Қоғамдық жайылымдар жеке қосалқы шаруашылықта мал ұстайтын ауыл тұрғындарының қажеттілігі үшін сақталуы тиіс.

Заңбұзушылық анықталғаннан кейін департамент Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

Сот ведомство талаптарын толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін көлемі 105 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Shares