СҚО Перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Константин Ильин өмірден өтті
July 30, 2026 11:42

Солтүстік Қазақстан облысының медицина қауымдастығы орны толмас ауыр қайғыға ұшырады. СҚО Перинаталдық орталығының тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог дәрігері Константин Русланович Ильин кенеттен өмірден озды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Константин Русланович ұзақ жылдар бойы Перинаталдық орталықтың анестезиология және реанимация қызметінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол кәсіби міндетін адал атқарып, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуде аянбай еңбек етті.
