СҚО Полиция департаментінің бастығы болып Абай Жүсіпов тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып бұған дейін Ақтөбе облысының ПД-ны басқарған Жүсіпов Абай Қуатбайұлы тағайындалды. Бұл туралы @prokadrykz Telegram-арнасында хабарланды.
Жүсіпов Абай Қуатбайұлы 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы – басқару және құқықтану.
Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Орта және жоғары басшылық құрамдағы түрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеген. 2018–2020 жылдары Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылғы наурыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарды.
