СҚО Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Абай Жүсіпов ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Абай Жүсіпов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды. Полиция генерал-майоры ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Абай Қуатбайұлы Жүсіпов 1978 жылдың 2 қаңтарында Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ал 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Қызмет барысында орта және жоғары басшы құрамның түрлі жедел лауазымдарында еңбек етті. 2018 жылдан бастап Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың наурыз айынан бастап ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарды. 2022 жылдың қаңтарында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ал 2026 жылдың қаңтарынан бері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментін басқарған болатын.
