Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО тұрғыны диспансерлік есептен шығарылғаннан кейін жүргізуші куәлігін сот арқылы қайтарып алды

СҚО тұрғыны диспансерлік есептен шығарылғаннан кейін жүргізуші куәлігін сот арқылы қайтарып алды

July 31, 2026 12:17

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл аудандық соты көлік құралын басқару құқығын қалпына келтіру туралы азаматтық істі қарады. Сотқа жүгінуге жергілікті тұрғынның облыстық Полиция департаментіне қарсы берген талап-арызы негіз болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бұған дейін әйел адам медициналық қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Сот барысында оның қажетті ем қабылдап, сауығуына байланысты диспансерлік есептен ресми түрде шығарылғаны және көлік басқаруға медициналық рұқсат алғаны анықталды. «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, көлік басқару құқығын шектеуге себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда, бұл құқық сот шешімімен қалпына келтірілуі мүмкін.

«Көлік құралын басқаруға кедергі келтірген мән-жайлардың жойылғанын, сондай-ақ жауапкер мен үшінші тұлғаның талап қою талаптарын қанағаттандыруға қарсылық білдірмегенін ескере отырып, сот талаптың негізді деген қорытындыға келді. Сот шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Талап қоюшының көлік құралдарын басқару құқығы қалпына келтірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады Есіл аудандық соты.

Shares