СҚО тұрғыны мас күйінде мотоблок айдағаны үшін қамауға алынды

Үш күн ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алкогольдік мас күйінде көлік басқарған төрт жүргізушіні ұстады. Өңірде жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS.
Ең ерекше әрі қауіпті жағдайлардың бірі Шал ақын ауданында тіркелді. Сергеевкада полицейлер аудан орталығының көшелерімен мас күйінде мотоблок айдап жүрген 39 жастағы ер адамды тоқтатқан.
Жүргізуші куәлігі болмағандықтан, оған 20 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындалды.
Полицейлер мотоблоктардың тек ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналғанын, оларды жалпы пайдаланымдағы жолдарда жүргізуге рұқсат етілмейтінін, әсіресе мас күйінде айдаудың өте қауіпті екенін ескертті.
Бар болғаны 3 күннің ішінде тәртіп сақшылары 445 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде — рөлде отырып телефон пайдалану бойынша 147 дерек, бұл ЖКО-ның жиі кездесетін себептерінің бірі, 64 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқарған, 12 адамда жүргізуші куәлігі болмаған, ал 9 жүргізуші көлігін уақытында тіркемеген.
Мәселен, Петропавлда 35 жастағы қала тұрғыны грузин нөмірімен жүрген Hyundai автомобилі арнайы тұраққа қойылды.
