Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үш солтүстікқазақстандық Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына енді

Үш солтүстікқазақстандық Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына енді

January 23, 2026 17:25

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ ҚР Президенті комиссияның құрамын бекітті. Комиссия мүшелерінің қатарында үш солтүстікқазақстандық бар, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қызылордада өткен Құрылтай Қазақстанның жаңа кезеңе қадам басатындығын көрсетті. Өзгерістер мен реформалар уақыты келді. Жоспарланып отырған жаңашылдықтардың бір бөлігі елдің Ата заңына да қатысты болмақ.

Егер 2022 жылғы реформа Конституцияның 33 бабын қамтыса, 2026 жылы 40-тан астам бапқа өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
«Негізінде біз жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасауды көздеп отырмыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Өзгерістер жобасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган — Конституциялық комиссия айналысады.
Комиссияның алдында бірқатар міндет тұр: ұсыныстар енгізу және оларды талқылау. Ол үшін тұрақты түрде отырыстар өткізілетін болады. Комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, талқылау процесіне қатысады.
Комиссия құрамына 129 адам енді. Олардың қатарында депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғалымдар, БАҚ қызметкерлері мен басшылары бар. Комиссия төрайымы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова тағайындалды. Оның орынбасарлары — ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, комиссия құрамына Солтүстік Қазақстан облысынан үш өкіл кірді. Олар — СҚО мәслихатының төрағасы Владимир Бубенко, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина және СҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерлан Тоқшылық.

Shares