Уәлиханов ауданындағы жастарға вейп пен есірткінің зияны туралы түсіндірілді

Жақсы өмір сүру маңызды, ал зиянды әдеттерсіз өмір сүру — одан да маңызды. Уәлиханов ауданындағы студенттерге темекі шегудің, алкоголь тұтынудың және есірткі қолданудың зияны туралы тағы да түсіндірілді. Пайдалы кеңестер мен құнды ұсыныстарды олар жалпы тәжірибедегі дәрігер мен наркологтан алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараның бастамашысы аудандық Жастар ресурстық орталығы болды. Кездесу «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында өтті.
Ауыл жастарына арналған мұндай кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жастармен полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен прокурорлар кездесіп, әр қатысушы өзіне қызықты сұрақтарға жауап ала алады.
«Мақсатымыз — жастардың хабардарлығын арттыру және денсаулыққа, сондай-ақ қоғамның болашағына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
