Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Прагада университетте атыс болып, бірнеше адам ажал құшты

Прагада университетте атыс болып, бірнеше адам ажал құшты

Праганың орталығындағы Карл университеті философия факультетінің ғимаратында атыс болды. Салдарынан 11 адам қаза тапты және ондаған адам жараланды. Көз жұмғандардың арасында оқ жаудырған қаскөй де бар, деп хабарлайды QZ Media тілшісі «NewTimes.kz» АА сілтеме жасап.

«Прагадағы Карл университетінің философия факультетінде атыс болды», – деп атап өтті Чехия полициясы.

Ақпарда шабуылдаушының көзі жойылғандығы жайлы да айтылады. Ал кейінірек сөз сөйлеген Прага қаласының мэрі Богуслав Свободаның айтуынша, шабуылдаған адам өз-өзіне қол салған. Өз кезегінде елдің ІІМ басшысы Вит Ракушан қылмыскер жалғыз әрекет еткенін мәлімдеді.

Бірнеше адам қаза тапқаны және ондаған адам жараланғаны белгілі. Оқиға орнында полиция, жедел жәрдем және өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Осы жағдайға байланысты Чехия Премьер-министрі Петр Фиала Оломоуц қаласына жасаған сапарын тоқтатып, Прагаға оралды.

Ол ІІМ басшысымен және полициямен байланыста екенін хабарлады. Кейін Прага құтқару қызметі атыс кезінде он бір адамның, соның ішінде шабуылдаушының да қаза тапқанын хабарлады. Тағы 30-ға жуық адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды. Чехия телеарнасының хабарлауынша, атыс белгісіз себептермен түс ауа басталған.

Студенттер қаскөйден жасырыну үшін парталарды пайдаланған. Кейбірі төбеге де шыққае. Өкінішке қарай, жоғары көтерілген бір қыз құлап, ажал құшты. Әзірге атқыш туралы ақпарат жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, полиция бір күн бұрын жұртшылыққа қарулы адам туралы хабарлаған. Басты күдікті – сол.

Барлық студент ғимараттан эвакуацияланды, жаралылар ауруханаларға жеткізілді. Полиция оқиға болған аумақты түгелдей қоршауға алды.

 

Shares