Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда автокөлік жуу орнында өрт болды

Петропавлда автокөлік жуу орнында өрт болды

31 наурыз күні сағат 21:30-да облыс орталығындағы Победа көшесі, 4а мекенжайы бойынша орналасқан “Бейбарыс” автожуу ғимаратында Land Cruiser Prado автокөлігінде өрт болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, автомобильдің мотор бөлігі өртеніп кеткен. Өрт 21:51-де жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін ТЖД-да айтылғандай, 2024 жылдың басынан бері облыста автомобильдерде өрт жиілеп кеткен. Мұндай өрт 22 рет бас көтеріп, 3 адам жарақат алды. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан және жанармай жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен шыққан.

Shares