«LORD» лицейінің оқушылары Астанада өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
23-24 қараша күндері Астанадағы №103 мектепте халықаралық «Stem Olympiad – білім берудегі инновациялар» олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Олимпиада Қазақстандағы зияткерлік дарынды мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі. Зияткерлік сайыста «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 және 11 сыныптарының алты оқушысы екі командада өнер көрсетті. SycrollArts командасында Сергей Пересыпкин, Роман Зыков, Әлихан Жаров бақ сынаса, «SycretArts» командасының құрамында Илья Амелин, Дмитрий Егоров, Эмиль Хамидулин білімдерін сынады», – делінген «Қызылжар дарыны» орталығының хабарламасында.
«Үй тапсырмасын тексеру» (Роботтар шайқасы) пәні бойынша біздің командалар жарыстың бірінші күні тамаша нәтиже көрсетіп, 2 және 3 орындарға ие болды. 2-орынға ие болған SycrollArts командасының әрбір мүшесіне ойын ноутбуктері сыйға тартылды. 3-орынға ие болған SycretArts командасы планшеттермен марапатталды.
Екінші күні оқушылар бағдарламалау және 3D модельдеу дағдыларын көрсетті. Үздік 20-ның қатарына енген 10-сынып оқушылары 2025 жылы өтетін Олимпиада финалына қатысуға шақырту алды.