Солтүстікқазақстандық оқушы Каролина Тябус республикалық өлең оқу байқауында 3 орын алды
Қарағандыда Адам Мицкевич атындағы «Крэсы-2024» 30-шы мерейтойлық республикалық жатқа өлең оқу байқауының орталық іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан, соның ішінде Қарағанды, Астана, Көкшетау, Тайынша Петропавл қалаларынан дарынды оқушылар, студенттер мен ересектер қатысты. Сайыс бірнеше жас санаттары бойынша өтті. «No17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешені» КММ-нің поляк бөлімінен бұл байқауда Каролина Тябус пен Яна Неживых өнер көрсетті. Қатысушылардың өнерін Польшадан келген қазылар алқасы бағалады.
Екінші номинация бойынша Каролина Тябус Я. Бжехваның «Konik polny i boża krówka» және М. Хэмар «Moja Ojczyzna» өлеңдерін оқудағы тамаша шеберлігін көрсетіп, 3-орынға ие болды. Үшінші номинация бойынша қазылар алқасы Яна Неживыхты өлеңді нақышына келтіріп мәнерлеп оқығаны үшін Мақтау грамотасымен марапаттады. Байқауға қатысушылардың жетекшісі Марина Анатольевна оқушыларды байқауға дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.