СҚО әкімі: “Реновация бағдарламасына қатысу үшін жеке құрылыс компанияларын көбірек тарту қажет”
Өңірде «Жаңа қала» атты реновация бағдарламасы жүзеге асуда. Осы жобаның арқасында ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлер сүріледі, баспана қоры жаңарады, қалалықтардың үй жағдайы жақсарып, коммерциялық үйлердің құрылысы көбейеді, деп хабарлайды QZ Media тілшілері.
“Бұл бағдарламаның аясында облыс орталығында 3 көпқабатты үй салынуда, 3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл апатты жағдайдағы 6 көпқабатты үй сүріледі. Реновация бағдарламасына қатысу үшін жеке құрылыс компанияларын көбірек тарту қажет”, – деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кету керек, 2022 жылы реновация бағдарламасы аясында Алтынсарин көшесі, 52 мекенжайында 45 пәтерлі тұрғын үй салынды. 2023 жылы 72 және 104 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Мекенжай: Новаторный көшесі («Каскад» ЖШС) бойында және Жамбыл көшесі («Петропавл электр зауыты» ЖШС) бойында. Құрылыс ағымдағы жылы аяқталуы керек.