Петропавл соты үгіттік плакатты қасақана жойған тұрғынға 59 мың теңге айыппұл салды

Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік соты үгіттік материалды қасақана жойғаны үшін жауапкершілікке тартылған А. есімді тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 14 қазанында азаматша А. Назарбаев көшесіндегі аялдама жанында тұрған Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты депутаты кандидатын қолдау мақсатында орналастырылған агитациялық плакатты әдейі бүлдірген. Әйелдің әрекеті салдарынан плакат жарамсыз болып қалған
«Істі қарау барысында сот фото және бейнематериалдарды, сондай-ақ А. берген жазбаша түсініктемелерді зерттеді. Ол құқықбұзушылық жасағанын мойындады.
Сот А.-ны кінәлі деп танып, 58 980 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.
