Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University мен Қытай Аграрлық Ғылымдар Академиясы бірлескен зерттеулер бастайды

Kozybayev University мен Қытай Аграрлық Ғылымдар Академиясы бірлескен зерттеулер бастайды

November 26, 2025 10:30

Kozybayev University және Chinese Academy of Agricultural Sciences агротехнологиялар мен ғылыми зерттеулер саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жоба тәжірибе алмасуды, ауыл шаруашылығына цифрлық шешімдерді енгізуді, бірлескен зерттеу бастамаларын дамытуды, мамандардың біліктілігін арттыруды және агросектордың тұрақты дамуына бағытталған инновациялық платформалар құруды қамтиды.

Сонымен қатар СҚО делегациясының ҚХР-ға сапары аясында «Радуга» ЖШС мен Hubei Jigshan Light Industry Machinery Co арасында жоғары технологиялық жабдықтарды жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік картон зауытын салуды және өндіріс тиімділігін арттыратын заманауи технологияларды енгізуді қамтамасыз етіп, өңір экономикасының дамуына ықпал етеді.

Облыс экономикасы үшін тағы бір маңызды жоба – «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы «Ультрадекор» ЖШС-нің ағаш өңдеу зауытының құрылысы. Құрылыстың бас мердігері ретінде China Nuclear Engineering & Construction Corp. компаниясы бекітілетін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Shares