Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда бассейн мен ойын залы бар жаңа Мұз аренасы ашылды

Петропавлда бассейн мен ойын залы бар жаңа Мұз аренасы ашылды

December 2, 2025 18:00

Петропавлдың Жас Өркен шағынауданында жаңа мұз аренаcының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөледі. Осы бағыттағы тапсырмаларды орындау үшін өңірде тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және спортпен шұғылдануға жағдай жасайтын заманауи спорт нысандары кезең-кезеңімен салынып келеді.

«Бүгін Жас Өркен шағынауданында жаңа мұз сарайы ашылды. Спорт кешенінде канадалық стандарттағы хоккей кортымен заманауи мұз аренасы, 25 метрлік бес жолақты бассейн, командалық спорт түрлеріне арналған әмбебап ойын залы қарастырылған. Заманауи стандарттарға сай салынған жаңа мұз сарайы ауданның спорттық инфрақұрылымындағы негізгі нысандардың біріне айналады», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Кешеннің ашылуы тұрақты түрде спортпен айналысатын тұрғындар санының артуына, жаттығу процесін жайлы әрі тиімді ұйымдастыруға және өңірдің спорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

«Соңғы жылдары облыстағы спорттық инфрақұрылым айтарлықтай артып келеді. Өңірде екі мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді: стадиондар, бассейндер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, шағын-футбол алаңдары және барлық жастағы тұрғындар үшін қолжетімді басқа да спорт алаңдары бар», – деді СҚО әкімі.

Shares