Петропавл неміс және түрік инвестициялары есебінен өнеркәсіпті қалай дамытып жатыр

Петропавлда биылғы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 158,7 млрд теңгеге жетті. Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің брифингте айтуынша, бұл өсімнің негізгі қозғаушы күші – жеке инвестициялар. Олардың көлемі 124,0 млрд теңгені құрап, жалпы соманың 78,1%-ын қамтиды. Бюджеттік инвестициялар 34,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Басты инвестициялық магнит – «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы.
«Бүгінгі күні АЭА-да 22 қатысушы тіркелген. Жалпы инвестиция көлемі 300 млрд теңгеден асады, шамамен 4 000 тұрақты жұмыс орны құрылады. 22,4 млрд теңгеге 5 жоба іске қосылып, табысты жұмыс істеп тұр. Олар 1 032 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді», – деді Петропавл әкімі.

Индустриялық жобалардың ішінде бірнеше ірі инвестициялық бастамалар бар:
Екінші жоба – Германияның CLAAS трансұлттық компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру кәсіпорны. Өндіріс орны жылына 600-ден астам техника шығаруға қауқарлы, 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Үшінші жоба – жылына 170 техника шығару қуаты бар «Казтехмаш» машина жасау зауыты. 70 жұмыс орны құрылды, жобаның инвестиция көлемі – 3 млрд теңге.
Төртінші жоба – немістің Reimann бренді. Тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіру өндірісі іске қосылды. Инвестиция көлемі – 1,4 млрд теңге, 52 жұмыс орны ашылды. Жылдық қуаты – 150 техника.
Бесінші жоба – түрік компаниясы «Nord Panels». Жоба фанера және ДСП өндірісіне бағытталған. Жылдық қуаты – 50 000 м³ өнім, 350 тұрақты жұмыс орны ашылады. Инвестиция көлемі – 8 млрд теңге. Фанера және ДСП өндірісі құрылыс пен жиһаз салаларын сапалы материалдармен қамтамасыз етіп, өнімді ТМД және Еуропа елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. 2025 жылдың басынан бері зауыт шамамен 14 мың м³ өнім немесе 157 вагондық партияны ЕО және Америка елдеріне экспорттады.

Өндірістік әлеуетті айтарлықтай арттырып жатқан тағы бір кәсіпорын – бұрынғы «ЗИКСТО», қазіргі «RWS Wagon» вагон жасау зауыты. 12 000 шаршы метр жаңа корпус салынды. Бұл 300 жаңа жұмыс орнын ашуға және өндірістік қуатты жылына 3 000 вагонға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Кәсіпорын қазіргі уақытта 12 түрлі жылжымалы құрам шығарады және жүк те, жолаушылар вагондары сегментінде де өнім түрлерін кеңейту бағытында жұмыс істеп жатыр. Даму тұжырымдамасында тағы 6 жаңа өнім түрін игеру қарастырылған, олардың ішінде автокөлік тасымалдағыштар, цистерналар, жабық вагондар, жаңа үлгідегі жолаушылар вагондары және басқалары бар. Бұл елдің жылжымалы құрамын жаңарту бойынша стратегиялық міндеттерін шешуге ықпал етіп қана қоймай, өңірдің негізгі жеткізушілердің бірі ретінде дамуына серпін береді. Зауыт өнімнің локализация деңгейін үнемі арттырып келеді. Экибастұзда іске қосылатын құю өндірісінен кейін бұл деңгей одан әрі өседі. Онда шығарылатын вагон құю элементтері өндірістің дамуына қосымша мүмкіндік береді», – деді Серік Мұхамедиев.
