Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның аңызға айналған велоспорт жаттықтырушысы Александр Полипов 59 жасында өмірден өтті

СҚО-ның аңызға айналған велоспорт жаттықтырушысы Александр Полипов 59 жасында өмірден өтті

December 2, 2025 21:00

2025 жылғы 1 желтоқсанда 59 жасында Солтүстік Қазақстан облысының велоспорттан жаттықтырушы-оқытушысы Александр Геннадьевич Полипов дүниеден өтті. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады, деп жазады QZ NEWS.

Александр Геннадьевич өмірінің жиырма бес жылдан астам уақытын өңірдегі велоспортты дамытуға арнады.

«Ол көптеген дарынды спортшыларды тәрбиеледі, СҚО жасөспірімдер құрамасының қалыптасуы мен жетістіктеріне үлкен үлес қосты, ұзақ жылдар бойы СҚО спорт мектеп-интернатында және ЖСШМ-де жемісті еңбек етті. Соңғы жылдары Бескөл ауылында бастапқы дайындық топтарымен айналысып, жастар үшін тәлімгер әрі үлгі бола білді. Дене шынықтыру және спорт басқармасы Александр Геннадьевичтің туған-туыстарына, жақындарына, достарына, шәкірттері мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз. Сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, бірге аза тұтамыз», – делінген хабарламада.

Shares