Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС «Парыз» премиясының Гран-при жүлдесін иеленді

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС «Парыз» премиясының Гран-при жүлдесін иеленді

December 5, 2025 15:16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» мен «Парыз» премияларының лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Бүгін – еліміздің бүкіл бизнес қауымдастығы үшін айрықша күн. «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Біз оларды қалыптасқан дәстүр бойынша тағы да құрметтеп отырмыз. Осы залда отырған әрбір кәсіпкердің жетістігі – ортақ табыстарымыздың айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім шығарып, еліміздің экономикасын дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып отырсыздар. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысасыздар. Бұл – өз ісіне адал кәсіпкерлер мен нағыз патриоттарға тән қасиет. Мемлекет әрдайым сіздерге қолдау көрсетуге дайын», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан барлық кәсіпкерлерге алғыс білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.

«Парыз» премиясының Гран-при жүлдесі шағын және орта бизнес субъектілері арасында Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС-не берілді.

Shares