Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі екі ірі жобаның өңірдегі сүт нарығын қалай өзгертетінін айтты

СҚО әкімі екі ірі жобаның өңірдегі сүт нарығын қалай өзгертетінін айтты

December 8, 2025 11:15

Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіптік сүт өндірісінің көлемін ауқымды түрде арттыруды мақсат етіп отыр. Өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуы ірі агроқұрылымдар өндіретін сүттің үлесін 70%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО бүгінде елімізде сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша көш бастап келеді. Облыста 110 сүт-тауарлы ферма бар, бұл Қазақстандағы жалпы санның 30%-ын құрайды. Сонымен қатар, соңғы екі жылда республика бойынша салынған 58 жаңа СТФ-ның 21-і дәл осы СҚО аумағында орналасқан.

«Облыста сүт шаруашылығы бағытында 2 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. “Зенченко және К” КС 8 мың басқа арналған, 90 орындық “Карусель” сауу қондырғысы бар ферма салып жатыр. Бұл шаруашылық елдегі үздік ондықтың құрамына кіреді әрі Қазақстан бойынша сүт сауымы жағынан 1-орынды иеленіп отыр. Мағжан Жұмабаев ауданында “СК Агро” серіктестігі Орталық Азиядағы ең ірі, 10 000 басқа арналған, 100 сиырға арналған бірегей “Карусель” сауу қондырғысы бар ферма құрылысын жүргізуде. Екі жоба бойынша сүт өндірісінің жылдық өсімі 68 мың тоннаны құрайды. Бұл агроқұрылымдар өндіретін сүттің үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

Аталған жобалардың сәтті жүзеге асуы өңірдің позициясын одан әрі нығайтып, СҚО-ның республика бойынша сүт өндірісіндегі үлесін 20%-ға жеткізеді.

Shares