Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Алтынбек Абдрахманов атындағы жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Петропавлда Алтынбек Абдрахманов атындағы жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

December 13, 2025 18:00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавл қаласының Береке шағынауданында жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. Нысан адамдардың өмірін құтқару жолында өз жанын құрбан еткен батыр Алтынбек Абдрахмановтың атымен аталды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Қаладағы соңғы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1975 жылы ашылған болатын. Ал жаңа нысан – соңғы 50 жылда пайдалануға берілген алғашқы өрт сөндіру депосы.

Халқы 3 мыңнан асқан Береке шағынауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар қарқынды түрде салынып жатыр. Осыған байланысты депоның ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды. Жаңа нысан заманауи техникалық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келеді.

Депо құрамында алты пәтерлі тұрғын үй бар, бұл қызметкерлерді жұмыс орнына жақын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаттығулар өткізуге және тактикалық дағдыларды пысықтауға арналған оқу мұнарасы салынған.

Салтанатты шара барысында жаңа өрт сөндіру техникасының кілттері табысталды. Атап өтілгендей, С.М. Киров атындағы зауыт техниканы заманауи байланыс құралдарымен, бейнебақылау жүйелерімен және арнайы дрондармен жабдықтаған.

Shares