Жаңа жыл–2026: Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесі қалай өзгерді

Петропавл қаласы 2026 жылғы Жаңа жылға белсенді түрде дайындалуда. Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған Қазақстан Конституциясы көшесі жаңа жылдық безендірулермен көркейіп келеді. Алдағы мерекеге орай жергілікті «Арбаттың» қалай өзгергенін QZ News тілшісі білді.
Биыл қала әкімдігі ғимаратының алдындағы аумаққа ерекше назар аударылған. Облыс орталығының орталық алаңы шын мәнінде мерекелік атмосфераға бөленді. Безендіру ретінде жарқыраған мүсіндер — қар ұшқындары мен «Жаңа жылмен» деген жазулар орнатылған.
Қалада алғаш рет мұз айдыны құйылып, ол қазірдің өзінде тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Алаңның дәл ортасына дәстүр бойынша жаңа жылдық шырша да орнатылды. Еске салайық, оның шамдарын жағу салтанаты 21 желтоқсан күні сағат 18:00-де өтеді.

Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейінің қарсы бетінде орналасқан шағын мерекелік мүсіндерді де байқамау мүмкін емес. Тұрғындарды Аяз аталар, бұғылар және жаңа жылдық сыйлықтар бейнелері қуантады.
Қазақстан Конституциясы көшесінің басты сәніне облыс әкімдігі алдындағы алаңда орналасқан алып жаңа жылдық шырша айналды. Ол өз шамдарын 21 желтоқсан күні сағат 17:00-де жағады.
Алаң аумағы біртіндеп жаңа жылдық декорациялармен толығуда. Абай–Пушкин ескерткішінің дәл артында Аяз ата мен Ақшақар мүсіндері орнатылған. Жаңа жыл қарсаңында бұл жерде жәрмеңкелік сауда орындары мен үлкен балалар сырғанағы орналастырылады.

Айта кетейік, биыл 10 негізгі орынды безендіру жоспарланған. Олардың қатарында 9 басты алаң мен №14 мектеп маңындағы аумақ бар.
