Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-лық Денис Ивачевке асқазанның 4-сатыдағы қатерлі ісігін емдеу үшін қымбат ем қажет

СҚО-лық Денис Ивачевке асқазанның 4-сатыдағы қатерлі ісігін емдеу үшін қымбат ем қажет

December 19, 2025 15:47

Тайынша ауданының тұрғыны Денис Ивачевке жедел қаржы жинау жарияланды. Ер адамға асқазанның 4-сатыдағы қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Оған Түркияда шұғыл ем қабылдау қажет, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Денис Ивачев – еңбекқор жан. Өмірін жұмысшы мамандығымен байланыстырған, механизатор болып еңбек етеді, егіс жұмыстарына қатысады. Ол – отбасының жалғыз асыраушысы, үш баласы бар. Балаларының біреуі үшінші топтағы мүгедек.

Ауыр дерт Денис үшін үлкен сынақ болды. Екі жыл бұрын оған асқазанның 4-сатыдағы қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Бәрі әлсіздік пен жалпы халдің нашарлауынан басталған. Алғашында жергілікті дәрігерлер полип болуы мүмкін деп болжаған. Алайда Түркияда өткен тексеру кезінде метастаздар анықталып, онкологиялық диагноз расталды. Ол бірнеше рет, соның ішінде Түркиядағы клиникада да, химиотерапия курстарынан өтті.

«Әрине, бұл біз үшін үлкен күйзеліс болды. Ол кезде кенже қызымыз небәрі 9 айлық еді, сәбиіміз бізбен бірге ұшып жүрді. Мұның бәрін бастан өткеру өте қиын болды. Түркияда бізге бірден химиотерапия ұсынды. Сол кезде операция жасаудан бас тартты, себебі лимфа түйіндері үлкейіп, ісік асқазанның 40 пайызын алып жатқан еді, алдымен оны кішірейту қажет болды», – дейді Денистің жұбайы Светлана.

Көптеген химиотерапия курстарынан кейін жағдайы тұрақтанады деген үміт болған. Тексеру нәтижелері де соны көрсеткен. Алайда небәрі екі апта бұрын жасалған талдаулар күрделі әрі жылдам нашарлауды анықтады. Түркиядағы Medical Park клиникасында Дениске гипертермия әдісімен ем қабылдау ұсынылды.

«Біз өмірдің әр жылы үшін күресіп келеміз. Түркияда бұл процедура көмектесуі мүмкін деген үміт беріп отыр. Профессор мұндай диагнозбен келген науқастардың көп болғанын айтты. Бірақ қазір клиникаға өз күшімізбен жүгіну біз үшін тым ауыр. Әрине, Кореяға да, Қытайға да, Үндістанға да хабарластым, бірақ ол жақта ем одан да қымбатқа түсер еді. Сондықтан Түркияны таңдадық», – деп бөлісті Светлана.

Өмірдің барлық қиындықтарына қарамастан, Денис пен оның отбасы берілмей, үмітін үзбей, ауыр дертті жеңуге сеніп отыр. Оны туған-туыстары да қолдауда. Денис жұбайына тірек болып, өсіп келе жатқан балаларына үлгі болуды жалғастырғысы келеді.

Ивачевтер отбасы Солтүстік Қазақстан облысының бейжай қарамайтын тұрғындарынан көмек сұрайды.

Жинақтың жалпы сомасы – 36 000 000 теңге (емнің бір курсы – 8 500 АҚШ доллары). Қазіргі таңда 5 560 000 теңге жиналды. Дениске төмендегі реквизиттер арқылы көмектесуге болады:

Kaspi: 4400430269583446 — Денис И
Kaspi: 4400430394945098 — Светлана И
Halyk: 4405639776518704 — Светлана И

Shares