Мереке күндері СҚО ХҚКО-ларының жұмыс кестесі қалай өзгереді

Жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгереді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңір тұрғындары қай күндері мемлекеттік қызметтерді ала алмайтынын нақтылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Құжат рәсімдеуді жоспарлау кезінде төмендегі демалыс және мерекелік күндерге назар аудару ұсынылады:
Демалыс күндері (ХҚКО мен Арнаулы ХҚКО-лар жұмыс істемейді):
1 және 2 қаңтар — мерекелік демалыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесі.
Қаңтардың алғашқы аптасындағы жұмыс кестесі:
3 қаңтар (сенбі) — тек кезекші ХҚКО мен Арнаулы ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау уақыты қысқартылған — 09:00-ден 13:00-ге дейін.
5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері. Ел бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшеді.
Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде арнаулы ХҚКО-лар, жұмыс күндері азаматтарды 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Ал кезекші ХҚКО мен Арнаулы ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
