Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да өрт салдарынан екі бала мен ер адам қаза тапты: дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

СҚО-да өрт салдарынан екі бала мен ер адам қаза тапты: дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

January 14, 2026 17:25

11 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 1988 жылы туған ер адам және 2022 және 2024 жылдары туған екі бала қаза тапты. СҚО ТЖД-де өткен брифингте хабарланғандай, аталған өрт дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адамдардың өлімінің нақты себептерін анықтау үшін бірқатар қажетті сараптамалар, оның ішінде сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өрттің шығу себептері мен мән-жайлары анықталуда», – деп түсіндірді СҚО ТЖД брифингінде.

Еске салайық, жалпы аумағы 64 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй толықтай жанып, шатыры опырылып түскен. Құтқару жұмыстарына СҚО ТЖД-нің 24 қызметкері, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы жасағы тартылды. Өрт сөндіруге ауыл тұрғындары да көмектесті.

Shares