Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аяз −35°C: СҚО-да мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы сабақтар тоқтатылды

Аяз −35°C: СҚО-да мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы сабақтар тоқтатылды

January 13, 2026 23:00

Ауа температурасының −35°C-қа дейін төмендеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында мектептердегі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бұл туралы СҚО ТЖД мәлімдеді.
Сабақтар келесі білім алушылар үшін тоқтатылады:
– 0–11 (12) сыныптар (1-ауысым);
– колледждердің 1–2 курс студенттері (9-сынып базасында).

«Ата-аналар мен білім алушыларды ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызға сақ болыңыздар!» – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Shares