Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » М. Жұмабаев ауданында ер адам бейнеүндеу қалдырып, өз өміріне қол салды

М. Жұмабаев ауданында ер адам бейнеүндеу қалдырып, өз өміріне қол салды

January 13, 2026 12:29

Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев атындағы ауданында өз өзіне қол салу фактісі тіркелді. Советское ауылындағы шаруашылық құрылыстарының бірінен 2002 жылы туған жас ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО Полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, ауыл тұрғыны өз өміріне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ресми емес деректерге қарағанда, марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған. Оны танитын адамдар ер адам туралы оң пікір айтып, болған оқиғаға сенер сенбестерін жеткізуде.

Сонымен қатар, ер адам қайтыс болар алдында бұл шешімді өз еркімен қабылдағанын айтқан бейнеүндеу жазып қалдырғаны хабарланды. Қылмыстық іс тіркеліп, барлық қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Shares