Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Мемлекет басшысы: «Депутаттар қатарында арнайы тағайындалған “таңдаулы тұлғалар” болмауы тиіс»

Мемлекет басшысы: «Депутаттар қатарында арнайы тағайындалған “таңдаулы тұлғалар” болмауы тиіс»

January 20, 2026 14:08

Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өкілді билікті қалыптастырудың түбегейлі жаңа моделін ұсынды. Мемлекет басшысы жаңа Парламентте (Құрылтайда) «тағайындалған тұлғалар» болмауы керектігін атап өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қазақстан Президентінің айтуынша, енді депутаттар пропорционалды жүйе бойынша сайланатын болады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтіп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.

«Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным.Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Shares