Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Депутат Сергей Пономарев 14–16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуге шақырды

Депутат Сергей Пономарев 14–16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуге шақырды

January 20, 2026 12:30

Қызылорда қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды QZ News.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин отырысты ашу барысында өткен кезеңде қоғамның қолдауымен бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. Атап айтқанда, жер пайдалануды бақылауды күшейтуден бастап, ішкі қоғамдық-саяси жұмыстың жаңа форматын бекітуге дейінгі бастамалар жүзеге асқан.

Айта кетейік, отырыс барысында алдымен парламенттік реформа жөніндегі жұмыс комиссиясының мүшелері мен депутаттар сөз сөйлейді — әрқайсысына жеті минуттан беріледі.

Отырыс соңында Президент сөз алады.
Бұған дейін Ұлттық құрылтай мүшесі әрі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, саясаттанушы Марат Шибұтов, сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманкұлова баяндама жасады.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев те сөз сөйледі. Ол ұрпақтар арасындағы алшақтыққа назар аударып, «зумерлер» (Z буыны) ересектерді дұрыс түсіне бермейтінін атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық балаларда «клиптік ойлау қалыптасып, аналитикалық қабілеттері дамымай жатыр» деген алаңдаушылығын білдірді. Пономарев 14–16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Shares