Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО көлік полициясы теміржолда адамның қаза болу фактісі бойынша тергеу бастады

СҚО көлік полициясы теміржолда адамның қаза болу фактісі бойынша тергеу бастады

January 28, 2026 12:00

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Төтенше оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды QZ News тілшісі көлік полициясы департаментіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

«Тергеу мүддесіне байланысты және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, қаза болған адамның жеке басы мен оқиғаның нақты орны туралы ақпаратты қоса алғанда, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген көлік полициясы департаментінің хабарламасында.

Полицейлер теміржол көлігі нысандары жоғары қауіпті аймақ болып табылатынын еске салып, қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Shares