Сергеевкада мектеп оқушыларына саналы өмір салтына тәрбиелеу сабақтары өтті

СҚО Шал Ақын ауданы Сергеевкада мектеп оқушылары арасында кезекті алдын алу акциясы өткізілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен бастауың керек екенін түсіну маңызды. Зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен айналысу, сыртқы жағымсыз ықпалдан сақтану қажет. Осыны Сергеевка мектебінің оқушыларына түсіндірді.
Балаларға үлгі, әрине, үлкендер болады. Сол себепті мектеп оқушыларымен арнайы мамандар – жергілікті полиция бөлімшесінің орынбасары Қәкімбек Салықов пен Жастар ресурстық орталығының қызметкері Ботагоз Мейрамова кездесу өткізді.
Олар балаларға есірткі заттарының зияны мен адам денсаулығына әсері туралы айтты. Сондай-ақ құқықтық тұрғыдан түсіндіріп, қандай салдары болуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл ақпаратты балаларға арналған брошюралар таратып, нақты көрсетті.
«Акцияға 20 адам қатысты. Оқушыларға саламатты өмір салтын ұстанудың және өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
