Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласында Жоғары кәсіби-педагогикалық колледж студенттеріне ҚР жаңа Конституциясының жобасы таныстырылды

Петропавл қаласында Жоғары кәсіби-педагогикалық колледж студенттеріне ҚР жаңа Конституциясының жобасы таныстырылды

February 9, 2026 20:00

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау бойынша кезекті кездесу өтті. Бұл жолы елдің Ата заңындағы өзгерістер Жоғары кәсіби-педагогикалық колледж студенттерімен талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жастармен кездесуге СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының белсендісі Болат Базарбаев және «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Рустам Жүсіпбеков келді. Олар студенттерге конституциялық реформаның негізгі қағидаттарын қолжетімді әрі түсінікті тілде түсіндірді.

«Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, азаматтық жауапкершілік, жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы және конституциялық реформалардың Қазақстанның болашағы үшін маңызы туралы мәселелер талқыланды», – деп хабарлады оқу орнының өкілдері.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай өздерінің тарихи миссиясын аяқтады. Олардың орнына жаңа консультативтік-кеңесші орган – Халық Кеңесі құрылатын болады.

Сондай-ақ, енді табиғатқа ұқыпты қарау заңнамалық деңгейде бекітілетінін атап өткен жөн. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды сақтау ісіне нақты үлес қосып жүрген экоакцияларға көбіне жастар қатысады. Атап айтқанда, студенттер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына белсенді түрде атсалысып келеді.

Shares