Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО Білім басқармасында тапаншаға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

СҚО Білім басқармасында тапаншаға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

February 10, 2026 10:32

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде орын алған оқиғаға қатысты мәлімет берді. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушысынан тапаншаға ұқсас зат табылған. Белгілі болғандай, алаңдатқан хабар 5 ақпан күні басқа оқушылардың ата-аналарынан мектеп әкімшілігіне түскен, деп хабарлайды QZ NEWS.

Білім басқармасының баспасөз қызметінің түсіндіруінше, оқу орны басшылығы жедел әрекет еткен: белгіленген қауіпсіздік алгоритміне сәйкес, оқушы мамандандырылған күзет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен әкімшілікке шақырылған. Сонымен қатар, оқиға туралы оқушының заңды өкілдері мен ювеналдық полиция инспекторы хабардар етілген. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері затты сараптама жүргізу үшін тәркілеп алған.

«Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы құзырлы органдар тарапынан анықталуда», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Shares