Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ақмола облысында Петропавлдан шыққан халықаралық автобустың жолаушылары құтқарылды

Ақмола облысында Петропавлдан шыққан халықаралық автобустың жолаушылары құтқарылды

February 20, 2026 11:32

Қысқы жол бұл жолы да техника мен адамдарды сынға салды. Ақмола облысы аумағында Макинск қаласы мен Макинка ауылы арасындағы тасжолда қозғалтқышының күрделі ақауына байланысты қалааралық автобус тоқтап қалды.  Рейс «Петропавл – Шымкент» бағыты бойынша ұзақ қашықтыққа қатынап бара жатқан, деп хабарлайды QZ NEWS.

Автобус ішінде 13 жолаушы болған. Олардың құрамы халықаралық сипатта: үшеуі – Қазақстан азаматы, үшеуі – Өзбекстан Республикасының азаматтары, жетеуі – Қырғызстан тұрғындары. Даланың ортасында суық автобуста қалған жолаушыларға шұғыл көмек қажет болды.

«Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері полициямен бірлесіп, жолаушыларды жедел эвакуациялап, Макинск қаласындағы жылыту пунктіне орналастырды. Барлығына қажетті көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

Shares