Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ирина Пашкина: «Конституцияда тұлға басымдығы бекітілсе, бұл мәдениеттен әлеуметтік саясатқа дейін барлық салада көрініс табады»

Ирина Пашкина: «Конституцияда тұлға басымдығы бекітілсе, бұл мәдениеттен әлеуметтік саясатқа дейін барлық салада көрініс табады»

March 6, 2026 16:37

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы Ирина Пашкина конституциялық реформаға қатысты өз көзқарасын білдірді. Сахна шеберінің пікірінше, Негізгі заңның жаңа жобасы театр өнерінің мәнімен үндеседі, өйткені оның басты назарында – адам, деп хабарлайды QZ NEWS.

Актриса театр қауымдастығы үшін «адам – ең жоғары құндылық» қағидасы негізгі ұстанымдардың бірі екенін атап өтті. Сахна әрқашан тұлғаның еркіндігі, жауапкершілігі және моральдық таңдауы зерттелетін кеңістік болып келген. Енді бұл қағидаттар мемлекеттік саясатта да айқын көрініс табуда.
Ирина Пашкина Конституцияда тұлға басымдығының бекітілуі өмірдің барлық саласына – әлеуметтік қорғаудан бастап мәдениетке дейін – берік негіз қалыптастыратынын айтты.

«Конституцияда тұлғаның басымдығы бекітілсе, бұл мәдениеттен әлеуметтік саясатқа дейін барлық салада көрініс табады. Бұл ел дамуының гуманистік бағытын қалыптастырады. Демек, экономикада, әлеуметтік салада, мәдениетте қабылданатын кез келген шешім ең алдымен адамның мүддесімен сабақтас болуы тиіс. Адамға бағытталған мемлекет – тұрақты дамуға қабілетті мемлекет. Сондықтан жаңа Конституцияны қолдайтыным анық», – деді Ирина Пашкина.

Шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің жаңа Конституцияны қолдауы жаңарған саяси бағыт аясында азаматтардың рухани әрі ішкі дамуының маңызын айқындай түседі.

Shares