Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ТҚКС және қойма аумағында шыққан ірі өрт ТЖД қызметкерлері тарапынан оқшауланды

Петропавлда ТҚКС және қойма аумағында шыққан ірі өрт ТЖД қызметкерлері тарапынан оқшауланды

March 16, 2026 13:00

Петропавлдың өнеркәсіптік аймағында ірі өрт шықты. «101» пультіне Универсальная көшесі бойында орналасқан ТҚКС мен қойма орналасқан біріккен ғимараттағы шатырдың өртенгені туралы хабар түсті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Оқиға орнына екінші дәрежелі шақыру бойынша ТЖД бөлімшелері дереу келді. Құтқарушылар өртті жылдам ауыздықтап, толық сөндірді және оның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді.

ТҚКС ғимаратынан екі жеңіл автокөлік эвакуацияланды. Жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Shares