Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері героин таратты деген күдікпен 39 жастағы петропавлдықты ұстады

СҚО полицейлері героин таратты деген күдікпен 39 жастағы петропавлдықты ұстады

March 16, 2026 18:40

Петропавл қаласының полицейлері есірткі таратумен айналысты деген күдіктінің әрекетін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында «Жұмысшы кенті» шағын ауданында қауіпті зат сақтаған 39 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде тәртіп сақшылары шамамен 75 грамм героин тәркіледі. Бұл мөлшер аса ірі көлемге жатады. Ер адамның айтуынша, ол героинді елордадан алып келген.

«Медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталған азаматтың опиоидтарды қолданғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Айта кету керек, бұл азамат бұған дейін де ұрлық және есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін сотталған. Көріп отырғанымыздай, бұл оған сабақ болмаған. Енді оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр», — деп хабарлады СҚО Полиция департаментінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста героиннің анықталған жалғыз дерегі осы болып отыр. Жалпы қаңтар айынан бастап СҚО полицейлері есірткіге қатысты 39 құқықбұзушылықты тіркеп, заңсыз айналымнан 1600 грамнан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның 900 грамы синтетикалық есірткілер.

Shares