Қалалық әкімдік мемлекеттік қызметшілері іскерлік киімдерін ұлттық киімдерге ауыстырды

Қазақстанда «Наурызнама» кең ауқымды онкүндігі жалғасуда. Мерекелік күнтізбенің бесінші күні ұлттық киімге арналды. Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері республикалық акцияға белсенді қатысып, мәдени мұраға деген құрметін көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Бұл күні әкімдік қызметкерлері жұмыс орнына әдеттегі іскерлік костюмдердің орнына кестелі камзолдар мен сәнді шапандарын киіп келді. Әйелдер қауымы өз образдарын дәстүрлі әшекейлермен толықтырып, әрбір ою-өрнек арқылы терең мағынаны жеткізе білді.
Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жұлдыз Шакирова қазақстандықтарды ұлттық киім элементтерін күнделікті өмірде де қолдануға шақырды. Осылайша, әкімдік қызметкерлері өз үлгісі арқылы халықтың тарихы мен дәстүрлі құндылықтарына бейжай қарамайтынын көрсетті.
