Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО тұрғындары Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күнін атап өтті

СҚО тұрғындары Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күнін атап өтті

March 18, 2026 18:53

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз Қазақстанда ресми түрде Ұлттық киім күні болып жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысы да бұл бастамадан тыс қалған жоқ, облыс орталығынан бастап ең шалғай аудандарға дейін өңір тұрғындары күнделікті киім үлгісін кестелі камзол, шапан, тақия сияқты ұлттық нақыштағы киімдерге ауыстырды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында бұл бастама әртүрлі сала өкілдерінің кең қолдауына ие болғанын жазды.
Ұлттық киіммен жұмыс орындарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, педагогтер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері шықты.

Акцияға ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымдары, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары да белсенді қатысты. Өңір басшысының айтуынша, дәстүрге деген мұндай жоғары қызығушылық көпұлтты облыстағы рухани байланыстың беріктігін айқын көрсетеді.

«Мұндай сәттер көпұлтты өңір тұрғындарының дәстүрді құрметтеп, оны көздің қарашығындай сақтайтынын көрсетеді. Бұл — бірлігіміздің, өзара түсіністігіміздің және қоғамдық келісімнің негізі», — деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares