Жаңа Конституция бойынша дауыс беруге он екі миллионнан астам қазақстандық енгізілді

2026 жылғы 15 наурыз күні сағат 7:00-дегі жағдай бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, өңірлердегі барлық 10 388 сайлау учаскесі дауыс беру процесін бастады. Аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес 92 учаскеде дауыс беру таңғы 6:00-де басталған. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады QZ NEWS.
Дауыс беруге арналған тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілген. Азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде учаскелік комиссиялар тарапынан 17 514 дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі берілген.
Жалпы республика бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске бар.
