Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дан алғашқы шақырылушылар тобы Шығыс Қазақстанға әскери қызметке аттанды

СҚО-дан алғашқы шақырылушылар тобы Шығыс Қазақстанға әскери қызметке аттанды

March 19, 2026 09:52

Солтүстік Қазақстан облысында «Көктем–2026» шақырылым науқаны аясында әскерге аттандыру рәсімі ресми түрде басталды. Алғашқы 10 адамнан құралған топ салтанатты түрде Қорғаныс істері департаментінен шығып, Қазақстан Республикасының қорғаушылары қатарын толықтыру үшін жолға аттанды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Жас солтүстікқазақстандықтар мерзімді әскери қызметін өтеу үшін Күршім ауданы бойынша Шекара басқармасына жіберілді. Бұл шекара учаскесі әскери қызметшілерден ерекше төзімділікті, тәртіпті және жоғары жауапкершілікті талап етеді.

Айта кетейік, «Көктем–2026» шақырылымымен әскерге алынған 10 сарбаздың 9-ы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бөлімшелерінде келісімшарт негізінде қызмет өткеруге дайын екендерін білдірген.

Shares