Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы жаңа тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары барысында тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды QZ NEWS.
Атап айтқанда, Жұмабаев көшесіндегі нысан тексерілді. Заречный кентінің тұрғындарын көшіруге арналған 72 пәтерлі тұрғын үй. Құрылысты аяқтау және қоныстандыру ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар өңір басшысы Исмаилов пен Парковая көшелерінің қиылысында салынып жатқан 54 пәтерлі бизнес-класс санатындағы коммерциялық тұрғын үйдің құрылысымен танысты.
Мердігер ұйымдарға құрылыс мерзімдерін қатаң сақтау, сондай-ақ барлық кезеңдерде атқарылатын жұмыстардың сапасына ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Жалпы, 2026 жылы Петропавл қаласында шамамен 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
