Есіл ауданының Явленка ауылында алғашқы «Орда» қонақ үй-хостелі ашылды

1 сәуір күні Явленка ауылында жаңа қонақ үй-хостелдің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедьяров қатысты деп хабарлайды QZ NEWS.
Өз сөзінде аудан әкімі бұл нысан аудан орталығы аумағындағы алғашқы қонақ үй екенін атап өтіп, оның маңыздылығына ерекше тоқталды. Жаңа нысан инфрақұрылымды дамытуға, ауданның қонақтар мен мамандар үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Қонақ үй-хостел 11 төсек-орынға есептелген және жайлы тұру жағдайын жасауға, сондай-ақ қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған. Жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта кәсіпкер жалпы аумағы 400 шаршы метр болатын мейрамхана салуды жоспарлап отыр. Бұл қосымша 6 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орын санын көбейту және көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсатында жобаны дамыту қарастырылуда.
Явленкадағы қонақ үй-хостелдің ашылуы – қонақжайлылық саласын дамытуға және аудан әлеуетін арттыруға қосылған үлес.
