Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Дархан Хайруллин Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы болып тағайындалды

Дархан Хайруллин Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы болып тағайындалды

April 14, 2026 11:19

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Хайруллин Дархан Марденұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Дархан Хайруллин Омбы қаласында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін және «Әділет» жоғары құқық мектебін «агроөнеркәсіп кешеніндегі экономика және менеджмент» және «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Ақмола облысы бойынша сот орындаушысы, Соттар әкімшісінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінде консультант, бөлім басшысы, хатшылық меңгерушісі, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Shares