Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тимур Жұманов: «Жол өтпесінің құрылысы 2026 жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр»

Тимур Жұманов: «Жол өтпесінің құрылысы 2026 жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр»

April 22, 2026 19:00

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов жол өтпесінің құрылысына қатысты қазіргі жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұрынғы мердігер – «Бука» ЖШС-мен жасалған келісімшарт жұмыс кестесінің бұзылуы мен орындалған жұмыстар актілерінің сәйкессіздігіне байланысты біржақты тәртіпте бұзылған, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Бұған дейін жұмыс кестесінен едәуір кешігу және ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінің сәйкессіздігіне байланысты қалалық ТҮКШ бөлімі “Бука” ЖШС-мен жасалған келісімшартты біржақты тәртіпте бұзып, материалдарды экономикалық тергеу департаментіне жолдады. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Тимур Жұманов.

Жобаны аяқтау үшін өткен жылдың қазан айында басқа мердігер ұйым – «Құрылыс Сервис СК» ЖШС тартылғаны атап өтілді. Қазіргі таңда бұл компания құрылыс жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

«Қазір нысанда жиек тастарды орнату, тротуарлар салу, қауіпсіздік қоршауларын монтаждау, сондай-ақ жол төсемін дайындау және тосқауыл қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол өтпесінің құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған», – деді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, жол өтпесінің құрылысы СҚО әкімі тарапынан бақылауда.

Shares