Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғалымжан Ильясов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды

Ғалымжан Ильясов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды

April 28, 2026 15:57

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ғалымжан Молдабайұлы Ильясов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ғалымжан Молдабайұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы К.И. Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясын «Зоотехния» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетін  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында бас маман, жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар ауылдық округ әкімі, аудан әкімі, ОҚО әкімі аппаратының бас инспекторы, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасының басшысы, Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Shares