Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жаңа оқу жылына құжат қабылдау басталды

СҚО-да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жаңа оқу жылына құжат қабылдау басталды

May 13, 2026 15:00

1 сәуірден бастап 2026–2027 оқу жылына тыңдаушыларды қабылдау басталды. Магистратура және докторантура бағдарламаларына құжаттарды admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсыруға болады. Үміткерлерді тіркеу 1 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

СҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Академияның облыстық филиалының директоры Лаура Қайыржанова төрт жаңа білім беру бағдарламасы енгізілгенін хабарлады. Олардың қатарында «Іскерлік әкімшілендіру», «Цифрлық аналитика, мемлекеттік сектордағы жасанды интеллект», «Цифрлық мемлекеттік басқару» бағдарламалары бар. Жалпы оқу 16 өзекті бағыт бойынша жүргізіледі.

«Кейбір білім беру бағдарламаларының ғылыми-педагогикалық бағытқа ауысуына байланысты “Мемлекеттік саясат”, “Халықаралық қатынастар”, “Экономика” бағдарламаларының оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға ұзартылды. Сонымен қатар екі білім беру бағдарламасының оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. Олар: “Өңірлік даму” және “Адами ресурстарды басқару”. Бұдан бөлек, “Адами ресурстарды басқару” бағдарламасы “Стратегиялық адами ресурстарды басқару” деп қайта аталды. “Мемлекеттік саясат” магистратура бағдарламасына түсу үшін ағылшын тілін білетінін растайтын сертификат міндетті талап ретінде енгізілді», — деді Лаура Қайыржанова.

Магистратураға түсушілер үшін маңызды талаптардың бірі — ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттың болуы. Барлық үміткерлер QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификатын, кемінде B1 деңгейінде ұсынуы қажет.

Конкурстық іріктеу 5–19 маусым аралығында өтеді және аналитикалық эссе жазу мен сұхбаттан тұрады. Докторанттар үшін міндетті кезең — зерттеу жобасын (research proposal) қорғау. Алдын ала қабылдау 25 маусымда өтсе, түпкілікті тізімдер 10 шілдеге дейін қалыптастырылады.

Shares